Мас шенеунік жарақаттанған Зайнутдиновке қысым жасады ма?

Мас шенеунік жарақаттанған Зайнутдиновке қысым жасады ма?

Kozhakhmet_inside_оfficial телеграм-каналының мәліметінше, Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов жарақат алғанына қарамастан, оған Франция құрамасына қарсы ойнауы үшін қысым көрсетілген, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.

«Маған белгілі болғандай, кеше түнде Қазақстан құрамасы мен мәскеулік ЦСКА-ның жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдиновке мас күйдегі ҚФФ шенеунігі қысым көрсеткен.

Оқиға түнде «Рэддисон» қонақүйінде болған. Федерациядағы жоғары лауазымды шенеунік ішіп алып, Зайнутдиновке тиіскен. Батеканы өтірік жарақат алдың деп айыптапты. Шенеунік футболшы Франция құрамасына қарсы ойнамаса, жағдайы жаман болатынын айтқан. Укол салдырсаң да, алаңға шық депті», - деп жазылған телеграм-каналда.

Тағы телеграм-канал –<span> </span>«Тень отца Гурмана»<span> </span>- бұл шенеунік кім екенін де жазды:

«Нақтылайын: бұл шенеуніктің есімі - Азамат Айтхожин».

Еске салайық, Қазақстан құрамасының медицинский штабы Зайнутдинов ЦСКА сапында жарақат алғанын айтып, Бахтиер әлем чемпионына қарсы ойнамайтынын хабарлаған. 

2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан мен Франция матчы бүгін «Астана Арена» стадионында өтеді. Ойын 19:00-де басталады, көрермен стадионға кіргізілмейді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или