Қазақ балалары Манчестерде жаттығады

Қазақ балалары Манчестерде жаттығады

Болашағынан мол үміт күттіретін тағы екі қазақстандық жас футболшы Францияның U.G.A Lyon академиясына қабылданатын болды. Бұл туралы осы клубтың директоры Араик Адамян отандық БАҚ-қа берген сұхбатында мәлімдеді.

Газетіміздің өткен нөмірінде 14 жастағы Мирас Бостановтың осы академияға қабылданғанын әрі тәп-тәуір ойнап жүргені туралы жазған едік. Мирастан кейін тағы екі қазақстандық футболшының Францияда дайындалатынын белгілі болды. Академия директоры Араик Адамянның Алматы қаласындағы «Локомотив-Юниор» мектебінің аға бапкері Андраник Антонянның досы екенін бұған дейін де айтқан болатынбыз. Сол «Локомотив-Юниор» мектебінің түлегі 1999 жылы туған Саид Эмале U.G.A Lyon командасының бапкерлерінің көңілінен шығыпты. Клуб директорының айтуынша, Саид сәуір айында Англияның «Манчестер Юнайтед» пен «Манчестер Сити» командаларында оқу-жаттығу жиындарына баруы мүмкін. Өйткені «Лион» жыл сайын осындай тәжірибе алмасуды жиі өткізіп тұр.

Ал екінші футболшының есімі – Дінмұхамед Рахымбердиев. Ол 2002 жылы дүниеге келген. Тараз қаласындағы «Монтажник» футбол мектебінде жаттыққан. Бұл бала да «Лионға» қабылданып отыр. Францияда жас футболшыларымыз аладоптан бөлек, мектеп бағдарламасын толық меңгеріп шығады. Сондай-ақ француз тілін де үйренеді. Клуб сәуір айында Манчестерге екі аптаға оқу-жаттығу жиынына барады.

Араиктың айтуынша, U.G.A Lyon Еуропаның танымал клубтарымен жақсы байланыста. Сондықтан бұл балалар мұндай тәжірибе алмасуға жиі барып тұратын болады. Егер қазақ футболшылары өздерін жақсы қырынан танытатын болса, болашақта Францияның бір клубында өнер көрсетіп қалуы бек мүмкін.

baq.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или