Қазақстан-Франция матчы көрерменсіз өтеді

Қазақстан-Франция матчы көрерменсіз өтеді

–Қазақстан футбол федерациясы Қазақстан мен Франция құрамалары арасындағы 28 наурыз күні Нұр-Сұлтанда өтетін 2022 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу матчына жанкүйерлерді жіберуге қатысты ресми мәлімдеме жасады.

<span>«Құрметті достар! ӘЧ-2022 Қазақстан-Франция іріктеу матчы, өкінішке қарай, көрерменсіз өтетінін хабарлауға мәжбүрміз. Біз жанкүйерлерді ойынға жіберуге рұқсат беріледі деп үміттенген едік. </span>

<span>Әлем чемпиондарымен кездесу Қазақстан үшін үлкен футбол мерекесі екенін жақсы түсінеміз. Қазақстан футбол федерациясы жанкүйерлерді аренаға жіберу бойынша соңғы сәтке дейін Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігерімен келіссөздер жүргізді. </span>

<span>Біз билеттерді сатуды бастауға дайын болдық, сіздерді керемет жаңалықпен қуантқымыз келді. COVID -19 таралуын болдырмауға бағытталған осы мәжбүрлі шараларға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз», — делінген ҚФФ хабарламасында. </span>

<span>Еске сала кетейік, жексенбі күні, 28 наурызда, Нұр-Сұлтан қаласында 2022 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу матчы өтеді. Онда Қазақстан құрамасы Франция командасын қабылдайды.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или