Қазақстандық футболшы неміс клубына ауысуы мүмкін

Қазақстандық футболшы неміс клубына ауысуы мүмкін

Қазақстандық футболшы Рүстем Әдіразақов немістің «Нойхофф 1910» командасына қосылуы мүмкін. Бұл туралы Meta-ratings.kz сайты хабарлады.

23 жастағы футболшы неміс клубында былтыр жазда қаралымнан өткен. Алайда коронавирус пандемиясының кесірінен трансфер болмады.

Енді «Нойхофф 1910» Рүстем Әдіразақовты қайта шақырды. Бүгінгі таңда неміс командасы аймақтық лигада бақ сынайды.

Айта кетейік, Рүстем Әдіразақов – «Оле Бразил» жобасының түлегі. Мансабында «Бәйтерек», ЦСКА және «Жетысу» клубтарында өнер көрсетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или