Жоао Пауло Қазақстан құрамасы үшін ойнай ма?

Жоао Пауло Қазақстан құрамасы үшін ойнай ма?

Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов шетелдік шабуылшыларға азаматтық беру туралы пікір білдірді.

– Жоао Паулоның ойынын бақылап жүрмін. Бұған дейін Жерар Гоудың ойынын қарайтынмын. Олар мықты футболшылар. Ұлттық құрамаға көп көмектесер еді. Оның үстіне Жерар Гоу мықты футболшы ғана емес, басқа ойыншылармен де тез тіл табыса білді.

Жоао Пауло туралы да дәл солай айтуға болады. Оның азаматтық алу туралы айтқан сұхбатын көрген соң онымен жүздестім. Ұлттық құрамаға қосылу туралы сұрағыма қарсы емес екенін айтып жауап берді. Енді құжаттарға байланысты жұмыстар қалды, - деді жаттықтырушы «Qazsport» арнасына берген сұхбатында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или