«Оқжетпес» украиналық үш ойыншы қатарға қосады

«Оқжетпес» украиналық үш ойыншы қатарға қосады

Бірінші лигада бақ сынайтын «Оқжетпес» украиналық үш ойыншы қатарға қосады, деп жазады Prosports.kz.

Meta-ratings.com.ua сайтының хабарлауынша, футболшылар Түркиядағы жаттығу жиыны кезінде қазақстандық клубтың қаралымынан сәтті өтті.

Атап айтқанда, былтыр Львовтың «Рухында» ойнаған қорғаушы Игорь Дуць, киевтің «Динамоның» түлегі Дмитрий Рыжук және «Металлист 1925» командасында өнер көрсеткен тәжірибелі ойыншы Виталий Гошкодеря қазақстандық клубқа ауысады.

БАҚ-та тараған ақпаратқа сүйенсек, «Оқжетпестің» алға қойған мақсаты - ел чемпионатының жоғары дивизионына оралу.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или