Франция құрамасының бапкері Қазақстанның екі футболшысын мақтады
Қазақстан құрамасының бас бапкері Дидье Дешамның көмекшісі Ги Стефан Қазақстан құрамасы сапындағы екі ойыншыны мақтады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Тарихымызда бірінші рет әлемдегі 122-мемлекетпен кездесеміз. Олар 3-5-2 үлгісінде ойнайды. Футболшысының көбі Қазақстан клубтарында ойнайды. Бұл команда да батыл, Абат Айымбетов әуеде жақсы ойнайды, Литва құрамасына (1: 2, 18 қараша) гол соққан. Албанияға қарсы кездесуде (1:3, 15 қараша) жартылай қорғаушылардың бірі Айбол Әбікен елу метр қашықтан гол соқты. Оларға уақыт берсеңіз, жақсы футболшылар. Қазір олардың ешқайсысы да үлкен чемпионаттарда ойнамайды», - деп келтіреді бапкердің сөзін France Football.
Айта кетейік, 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан - Франция матчы 28 наурызда өтеді.