Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Ресей клубын жаттықтырады
«Қайрат» клубы мен Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Александр Бородюк отанына оралды.
Ресейлік маман енді ФНЛ-да бақ сынайтын «Торпедо» командасын жаттықтырады. Александр Бородюк команданың бас бапкері Сергей Игнашевичтің орнына келеді.
Айта кетейік, 56 жастағы маманның соңғы жұмыс орны Қазақстан құрамасы болды. Ол 2017 жылы ақпан айында біздің елдің бас командасының тізгінін ұстаған. Құрама нашар өнер көрсеткендіктен, 2018 жылдың қаңтар айында қызметінен қуылған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или