Логвиненко ресейлік клубтан кетті

Логвиненко ресейлік клубтан кетті

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы, осы маусымның қаңтарынан бастап Волгоградтың «Роторында» да ойнаған Юрий Логвиненко ресейлік клубтан кетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған футболшының денсаулығы себеп болды. 32 жастағы жартылай қорғаушымен келісімшарт тараптардың өзара келісімі бойынша қосымша төлемсіз бұзылды.

«Мен өзім келісімшартты бұзуды сұрадым және ұсынысты қабыл алғаны үшін клуб басшылығына алғыс айтқым келеді. «Роторға» сәттілік, жеңістер тілеймін!», - деді Логвиненко.

Юрий Логвиненко Қазақстанның сегіз дүркін чемпионы. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или