Зайнутдиновтың командасында бас бапкер ауысты
«Чемпионат» порталының мәліметіне сенсек, ЦСКА-ның бұрынғы шабуылшысы Ивица Олич Мәскеу клубымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Хорват ертең команданың жаңа бас жаттықтырушысы ретінде ресми түрде таныстырылады.
Еске салайық, Олич ЦСКА-да 2003-2006 жылдары ойнаған. Ол қазір Хорватия құрамасында бас бапкердің көмекшісі болып жұмыс істейді.
Сондай ақ, мәскеулік клуб сапында Қазақстан құрамасының футболшысы Бактиер Зайнутдинов ойнайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или