Хаби Алонсо «Боруссия М» командасын баптайды
Мадридтік «Реалдың»,«Баварияның» және «Ливерпульдің» бұрынғы жартылай қорғаушысы Хаби Алонсо Менхенгладбахтың «Боруссиясының» жаңа бас бапкері болады, деп хабарлайды Prosports.kz Sport Bild-ке сілтеме жасап.
39 жастағы бапкер команданы келесі маусымнан бастап баптайды. «Боруссияға» жаттықтырушы таңдауда Алонсоның «Бавариядағы» ойын барысында неміс тілін жетік меңгергені маңызды болды.
Гладбахтың қазіргі бас бапкері Марко Роуз жазда Дортмундтың «Боруссиясына» кетеді.
«Боруссия» Бундеслига турнир кестесінде 36 ұпаймен 10-орында тұр
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или