Роберто Манчини: «Біз – ақымақпыз»

Италия кубогының ширек финалында «Наполиден» жеңіліп қалған «Интердің» бас бапкері Роберто Манчини кездесу туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Миландық команда ойында соғылған жалғыз голды 93-ші минутта жіберіп қойған болатын.

«Айтарға сөзім жоқ. Мұндай голдарды жіберуге болмайды. Болмайды! Матчтың аяқталуына 30 секунд қана қалған, ол уақытқа дейін жақсы ойнадық және қарсыласымыздың гол салуына мүмкіндік бермеуіміз керек болатын. Тек бір ғана нәрсе айта аламын: біз – ақымақтармыз! Игуаинның еңбегін теріске шығарғым келмейді, бірақ оның қасында «Интердің» бес ойыншысы болады, олар оған кедергі бола алмады. Қатарынан үш матчта соңғы рет қашан ұтылғаным есімде жоқ. Он жыл бұрын шығар. Жаңа ойыншыларға көңілім толады – Брозовичке, Сантонға, Пушкашға көңілім толады, тағы да бір команда бола алғанымызға көңілім толады,» - деді Манчини Rai Sport басылымына.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или