«Левски» «Астанамен» кездеспейтін болды

«Левски» «Астанамен» кездеспейтін болды

Болгариялық «Левски» мен «Астана» арасындағы жолдастық кездесу өтпейтін болды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Sportal.bg сайтының мәліметіне сүйенсек, болгариялық клуб Түркиядағы ОЖЖ-ның соңғы күнінде «Астанамен» жолдастық кездесу өткізу керек болған, алайда «Левски» басшылығы бір күн ерте отанына қайтатынын мәлімдеді. Осылайша, қос команда арасындағы жолдастық матч өтпейтін болды.

Естеріңізге сала кетсек, «Астана» ақпанның 7-і румындық «Пандури», 10-ны лугандық «Заря» және 17-і македониялық «Вардармен» кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или