«Ертіс» Йемен жастарын жеңіп, «Славиядан» жеңіліп қалды

Оқу-жаттығу жиыны барысында «Ертіс» Йемен жастар құрамасы мен болгариялық «Славия» командасына қарсы жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Павлодарлықтардың баспасөз қызметі берген ақпаратқа сүйенсек, Йеменге қарсы кездесуде 41-ші минутта Марат Шахметов есеп ашты, ал 64-ші минутта Еркебұлан Нұрғалиев есептегі басымдықты ұлғайтты – 2:0. Ал софиялық клубтың қақпасынан саңлау табу «Ертіс» ойыншылары үшін мүмкін болмады, алайда болгариялық ойыншылар бір гол соғып, жеңісті қанжығаларына байлады – 1:0.

Павлодарлықтардың келесі жолдастық кездесуі 7 ақпанда жоспарланған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или