«Antalya Cup-2021»: Қазақстан жастар құрамасына кімдер шақырту алды

«Antalya Cup-2021»: Қазақстан жастар құрамасына кімдер шақырту алды

Қазақстан жастар құрамасы (U21) Түркияда өтетін «Antalya Cup-2021» халықаралық турниріне қатысады, деп жазады Prosports.kz.

Бүгін аға жаттықтырушы Қайрат Нұрдәулетов құрамаға шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады.

Оқу-жаттығу жиыны 21 наурызда Талғарда басталады. Шақырылған футболшылардың саны – 22.

Қақпашылар: Данил Устименко, Дінмұхамед Жомарт (екеуі де - «Қайрат»);

Қорғаушылар: Дінмұхамед Қашкен («Ақтөбе»), Александр Широбоков («Қайрат»), Шахсұлтан Зубайділдә («Шахтер»), Әділбек Жұмаханов («Атырау»), Лев Скворцов, Сағи Совет (екеуі де - «Астана»), Аслудин Хаджиев («Ордабасы»), Микаэль Аскаров («Фенербахче», Түркия);

Жартылай қорғаушылар: Сұлтан Сағнаев, Жасұлан Қайыркенов (екеуі де – «Астана»), Андрей Ульшин, Арсен Буранчиев (екеуі де - «Қайрат»), Арман Кеңесов («Қайсар»), Дінмұхаммед Қараман («Тараз»), Бекзат Иманғазиев («Оқжетпес»), Алияр Мұхаммед («Тұран»), Дмитрий Бачек («Побленсе», Испания);

Шабуылшылар: Владислав Прокопенко («Астана»), Абылайхан Жұмабек («Тараз»), Максим Скорых («Қызыл-Жар»);

Жаттықтырушылар штабы: Қайрат Нұрдәулетов - аға жаттықтырушы, Андрей Ферапонтов - аға жаттықтырушының көмекшісі, Асқар Ыдырысов - аға жаттықтырушының көмекшісі, Юрий Новиков - қақпашылардың жаттықтырушысы, Ахматхон Искандаров - дәрігер, Қайратәли Күнходжаев - массажист, Дінмұхамед Оралов – менеджер, Павел Лаптев – бейнеоператор.

Қазақстан жастар құрамасының халықаралық турнирдегі ойын кестесі:

24 наурыз, 20:00, Солтүстік Македония – Қазақстан;

26 наурыз, 20:00, Болгария – Қазақстан;

29 наурыз, 19:00, Өзбекстан – Қазақстан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или