«Бавария» Чемпиондар лигасының ширекфиналына жолдама алды
Мюнхендік «Бавария» Чемпиондар лигасының ширекфиналына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Бавария» римдік «Лациоға» қарсы қарымта матч алдында үш гол басымдығымен алда тұрған. Мюнхендегі қарымта ойында да жеңіс германиялықтардың еншісінде болды. Бірінші таймда Роберт Левандовски пенальтиден көзге түскен, екінші таймда Эрик Шупо-Мотинг есепті еселеді. Кездесу соңына қарай «Лацио» Марко Паролоның голымен ғана жауап қатты. Қорытынды есеп - 2:1.
Осылайша, екі матчтың нәтижесі бойынша «Бавария» римдік клубты 6:2 есебімен жеңіп, Чемпиондар лигасының ширекфиналына шықты.
«Бавария» (Мюнхен, Германия) – «Лацио» (Рим, Италия) 2:1 (1:0). Бірінші матч – 4:1
Голдар: 1:0 – Левандовски (33, пен), 2:0 – Шупо-Мотинг (73), 3:1 – Пароло (82)
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или