«Боранбаев Әліптен командада қалуын сұрады». Ресейлік агент - Нұралының болашағы, Зайнутдинов туралы

«Боранбаев Әліптен командада қалуын сұрады». Ресейлік агент - Нұралының болашағы, Зайнутдинов туралы

Ресейлік агент Сослан Касабиев Қазақстан нарығында белсенді жұмыс істеп жатыр. Оның клиенттері қатарында «Жетісу» мен «Ақжайық» ойыншылары бар. Ал қазір агент қазақстандық ойыншыларды шетелдік чемпионаттарға ауыстыруды қалап жүр, деп хабарлайды Prosports.kz.

– Қазақстанда «Жетісу» ойыншысы Артем Дмитриевтің агенті ретінде танымалсыз. Қазақстан чемпионатында тағы да клиенттеріңіз бар ма?

– «Ақжайықта» екі ойыншы бар: Марат Бураев, Сослан Такулов. Бірақ трансферлік кезең аяқталған жоқ, сондықтан клиенттерімнің бірі ҚПЛ-ға келіп қалуы да мүкін. Біз санға емес, сапаға жұмыс істейміз. Сондықтан ойыншы командаға көмектесуі үшін футболшыларды кеңінен зерттейміз. 

– Былтыр қазақстандық ойыншыларға шетелдік нұсқалар ұсынып едіңіз, бірақ бірі кеткісі келмеді, бірін клуб жібермеді. Осы трансферлік кезеңде қазақстандық футболшылар сізге сондай өтініш айтпады ма?

– Иә, қазақстандық көптеген ойыншымен байланыстамыз. Атын айтпай-ақ қояйын, қазір бір жігіт бар, оны таяуда қазақ чемпионатта көріп қалуымыз мүмкін. Бірақ бұл Еуропада (жымиып). Келісімшарт жасасқаннан кейін бірден хабарлаймыз. 

Өкінішке қарай, Еуропада Қазақстан футболшыларыма күмәнмен қарайды. Бірақ Бақтиер Зайнутдинов олардың ойын өзгертіп жатыр. 

– Былтыр Нұралы Әліпті ресейлік клубтарға ұсынып едіңіз. Сол кезде кетпей қалған. Онымен байланысып тұрасыз ба?

– Нұралымен ертеңгісін ғана сөйлескенбіз (күліп).

– Ендеше басқаша сұрақ қояйық. Әліп әлі де жас ойыншы, бірақ ол…

– Уақытын бекер өткізіп жатыр дегіңіз келіп тұр ғой? Бірден айтайын. Осы трансферлік кезеңде Нұралыға РПЛ-дың кем дегенде екі клубы қызығушылық танытар еді. Бұл туралы сөйлескенбіз. Бірақ Қайрат Боранбаев одан командада қалуын сұрады, өйткені клуб Чемпиондар лигасына өтті. Алайда клубқа қаржылық тұрғыда тиімді ұсыныс түссе, келіссөз жүргізуіміз мүмкін. 

– Демек, Әліп «Қайраттан» 2022 жылдың қысына дейін кетпейді ғой?

– Неге? Алда жазғы трансфер де бар. Ертең біреу хабарласып, 5-7 миллион ұсынатын шығар. Болашағы жарқын болатын жігіт қой.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или