Исламбек Қуат «Астанада» қай нөмірмен ойнайтыны белгілі болды
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат «Астана» сапында қай нөмірмен ойнайтыны белгілі болды.
Қазақстан құрамасының футболшысы алдағы маусымда елордалық команданың жейдесінде ойнайды. Исламбек Қуат өзіне 8-ші нөмірді таңдап алған.
Қуат елордалық клубтың түлегі. Бұған дейін ол «Астана» сапында 24 матч өткізген еді. «Астанадан» басқа «Қайрат», «Ақтөбе», «Оқжетпес», сондай-ақ ресейлік «Орынбор» мен «Химки» командаларында ойнады. Қазақстан құрамасында ол 40 матч өткізіп, 5 гол соқты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или