Ресми. Исламбек Қуат «Астана» сапына қосылды

Ресми. Исламбек Қуат «Астана» сапына қосылды

Бұған дейін Prosports.kz хабарлағанындай, Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат «Астана» футболшысы атанды.

Қазақстан құрамасының футболшысы алдағы маусымда нұр-сұлтандық команданың жейдесінде ойнайды.

Қуат елордалық клубтың түлегі. Бұған дейін ол «Астана» сапында 24 матч өткізген еді.

«Астанадан» басқа «Қайрат», «Ақтөбе», «Оқжетпес», сондай-ақ ресейлік «Орынбор» мен «Химки» командаларында ойнады.

Қазақстан құрамасында ол 40 матч өткізіп, 5 гол соқты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или