Стоянович Шымкентке келді
8 наурызда «Тұранмен» келісімшартқа отырған сербиялық жартылай қорғаушы Милан Стоянович бүгін ғана жаңа командасына қосылып, алғашқы жаттығуын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұрын қазақстандық «Оқжетпес» пен «Шахтерде» ойнаған 32 жастағы футболшының айтуынша, ол ұзақ уақыт бойы Қазақстанға кіруге рұқсат ала алмаған. Ал Белградтан Шымкентке дейінгі жол 24 сағатқа созылған.
Айта кетейік, «Тұран» сербиялық жартылай қорғаушыны Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны кезінде қаралымнан өткізген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или