Барсегян мен Томасов «Каспийге» қарсы ойнамайды

Барсегян мен Томасов «Каспийге» қарсы ойнамайды

«Астана» футбол клубының екі жетекші ойыншысы ел чемпионатының 2-туры аясындағы «Каспийге» қарсы ойынға қатыспайды, деп жазады Prosports.kz.

Атап айтқанда, жартылай қорғаушылар Тигран Барсегян мен Марин Томасов 1-турда «Тұран» командасымен өткен ойында жарақат алып қалған. Екі ойыншы да жаттығуға қатысқан жоқ.

Айта кетейік, «Астана» 19 наурызда «Астана Арена» стадионында ақтаулық «Каспиймен» кездеседі. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 18:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или