АФК: «Қайрат» футболшысы аптаның үздік ойыншысы атанды

АФК: «Қайрат» футболшысы аптаның үздік ойыншысы атанды

«Қайрат» футбол клубы мен жартылай қорғаушысы Гүлжігіт Алықұлов Азия футбол конфедерациясының өткен аптадағы үздік ойыншысы атанды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы алматылық клубтың ресми сайты мәлімдеді.

Қырғызстан құрамасының ойыншысы АФК сайты жүргізген сауалнамада ең көп дауыс жинады. Оған жанкүйерлердің 44,39%-ы дауыс берді. 

Екінші орынды 22,42% дауысқа ие болған «Зенит» шабуылшысы Сердар Азмун иеленді.

Айта кетейік, аптаның үздік ойыншысына дауыс беру 14 наурызда аяқталды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или