УЕФА рейтингісі: Қазақстандық клубтардың орны қандай
УЕФА соңғы бес маусымдағы еропалық клубтар рейтингісін жаңартты, деп жазады Prosports.kz.
УЕФА-ның ресми сайтындағы рейтингке қазақстандық жеті клуб енген.
Олардың арасында «Астана» ғана үздік 100 клубтың қатарында. Бірақ елордалық клуб былтырмен салыстырғанда 8 саты төмендеп кетті. Елдің алты дүркін чемпионы УЕФА клубтар рейтингісінде 64-орында тұр.
Біздің клубтар арасында екінші орынға «Қайрат» жайғасқан. Алматылық клуб Еуропада 192-орында. Ал өзге клубтарымыздың орны тым төмен. 308-ден 312-ге дейін «Қайсар», «Ордабасы», «Тобыл», «Ертіс» және «Ақтөбе» бөліседі.
Қазақстандық клубтардың УЕФА рейтингісіндегі орны:
64. «Астана» – 22,500 ұпай;
192. «Қайрат» – 6,000;
308-312. «Қайсар» – 1,500;
308-312. «Ордабасы» – 3,000;
308-312. «Тобыл» – 2,500;
308-312. «Ертіс» – 1,500;
308-312. «Ақтөбе» – 0,250.