ҚКФЛ талаптары сақталмай ма? Ақтау стадионында «Ақтөбенің» бір топ жанкүйері отырды
Қазақстан Премьер-лигасының бірінші турындағы «Каспий» мен «Ақтөбе» (1:1) матчы жанкүйерлердің қызу қолдауымен де есте қалды, деп жазады<span> </span>Prosports.kz.
Алаңда екі команданың да жеңісті жұлып әкететін мүмкіндігі болды. Ал трибунада жеңіс қонақтардың еншісінде кетті. Ақтөбеліктердің қолдауы қаттырақ естілді.
Бірақ қонақ команданың жанкүйерлері ҚКФЛ талабы бойынша бұл ойынға кірмеуі керек еді. Бұған дейін лига басшысы Олжас Абраев қонақ команданың жанкүйерлеріне трибунада болуға тыйым салынатынын хабарлаған болатын. Бұл елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты шыққан ереже болатын.
Алайда «Жас Қанат» трибунасында «Ақтөбенің» бірнеше жанкүйері отырды. Олардың көп болғаны сонша, алаң иелерінің жанкүйерлері естілмей қалды да. Әлеуметтік қашықтық та сақталмаған. Бірақ «Каспий» жанкүйерлері туралы да солай айтуға болады.

Қорытынды қандай? «Каспий» бұл матчта жанкүйерлермен дұрыс жұмыс істемеген. Себебі ҚКФЛ талаптарын алаң иелері бақылауы керек еді. Алайда ақтаулық клуб желіде «әлеуметтік қашықтық сақтау» мен «қонақтар секторына билет сатылмайтынын» айтып шектелді. Әлде ҚКФЛ талаптары осы ма?