«Атырау» – «Шахтер» матчының төрешісі ойыншыға қол көтерді. Енді ол жазалануы мүмкін
Қазақстан Премьер-лигасының бірінші турындағы «Атырау» мен «Шахтер» (0:1) матчынан кейін ешкім күтпеген оқиға болды, деп хабарлайды Prosports.kz Айдын Қожахметтің телеграм-каналына сілтеме жасап.
Ойыннан кейін төреші Арман Есмұратов алаң иелерінің ойыншысы Сәбит Тастанбековті ұрып жіберді. 20 жастағы жартылай қорғаушы төрешінің соққысынан кейін құлап қала жаздады.
Желіде тараған видеода жанжал неден басталғаны көрсетілмеген. Төреші жұдырыққа жүгінетіндей Тастанбеков не айтқаны белгісіз. Алайда сол маңдағы адамдардың бәрін Есмұратовтың әрекеті таңғалдырғанға ұқсайды.
ҚФФ бұл жағдайдан хабардар екенін мәлімдеді. Федерация құжаттарды жинап, тиісті органдарға жіберген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или