Тағы да Грузияға жол бердік

Грузияның Загдуди қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы грузиялық құрдастарынан ойсырай жеңілді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Қазақстан футбол федерациясы баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, алғашқы таймда 0:0 есебі тіркелген. Алайда үзілістен кейін қазақстандықтардың ойыны жүрмей, қақпасына жауапсыз үш гол жіберіп алды.

Естеріңізге сала кетсек, Грузиядағы жиын 5 ақпанға дейін жалғасады.

Грузияға қарсы ойынға шыққан Қазақстанның құрамы:

Бекмұрза (Еременко), Биарыстанов, Сүйінов, Тасболатов (Кененов), Ярков (Аманжол), Кан (Кашкен), Орал (Жақыпбаев), Айманов, Құдайбердинов, Пайруз, Блинов (Елібай). Резерв: Волкагонов, Тұзақбаев, Попов, Нұрұзбакиев, Квон.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или