«Бұл футбол емес, мазақ ету!». Андрей Тихонов жаңа стадионның алаңын сынға алды
«Астана» бас бапкері Андрей Тиханов «Түркістан-Аренада» өткен матч туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мұны футбол деп атау өте қиын! Қандай алаңда ойнағанымызды бәрі көрді! Матч алдында біз кейінге қалдыруды сұрадық, бірақ ұсыныс қабылданбады! Мен бұл футбол мереке болғанын түсінемін, бірақ мұндай алаңда футбол ойнауға болмайды.
Біз ХХІ ғасырда өмір сүріп жатырмыз, жаңа стадиондар салынды, жаңбыр жауғанда, алаң көлшікке айналады. Мұндай жағдайда футбол туралы әңгіме болуы мүмкін емес, тек алға тебу, комбинациялық ойын болмайды. Бізде мықты тұстарымызды көрсете алмадық, өйткені доп айналмай, шалшықта тұрып қалады.
Біздің бірнеше жарақаттарымыз бар. Бірақ тағы да қайталаймын: бұл футбол емес, ойыншыларды мазақ ету, бүгін екі команданың ойыншыларына түкіргендей болды. Минус 2 ауа райында шалшыққа құлаған футболшы көрермендерге күлкілі көрінетіні анық, бірақ мұндай ауа райында ойнауды шешкендер бұл туралы ойлануы керек. Өкінішке қарай, бұл матч теледидардан емес, интернеттен көрсетілді, әйтпесе одан да көп адам күле алатын еді», - деді Тихонов.
Еске салайық, Қазақстан чемпионатының 1-турындағы «Туран» мен «Астана» матчы 2:2 есебімен аяқталған болатын.