Исламбек Қуат «Химкиден» кетті

Исламбек Қуат «Химкиден» кетті

Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат «Химкиден» кетті. Бұл туралы ресейлік клуб ресми хабарлады.

Келісімшарт қос тараптың келісімімен бұзылды. Prosports.kz мәліметінше, 27 жастағы футболшы Қазақстан чемпионатына оралады.

Қуатқа бірден екі клуб қызығып отыр. Оның біріншісі осы маусымда ҚПЛ-ға оралған - «Ақтөбе».. Футболшы «ақ-қызылдар» сапында 2012 маусымда ол жалда ойнады. 16 ойында 1 гол соқты.

Тағы бір клуб - «Астана». Prosports.kz хабарлағандай, «Самұрық-Қазына» бұл трансферді құптаған. Кезінде астаналық клуб қатарында Қуат 4,5 жыл ішінде 30 матч қана өтізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или