«Краснодардың» бас бапкері: «Ең бастысы - «Қайраттан» жеңілмедік»

«Краснодар» футбол клубының бас бапкері Олег Кононов «Қайратқа» қарсы өткен матч жайлы пікірін айтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Кездесу барысында ұтылып жаттық, қуанышымызға орай соңғы минуттарда есепті теңестіре алдық. Біз үшін кездесу ауыр болды – «Қайрат» бізден қарағанда әлдеқайда дайын болып шықты. Алматылық команда өте мықты ұжым. Ең бастысы - жеңілмедік. Жалпы, «Қайрат» жақсы ойын өткізді, бірнеше гол соғатын мүмкіндіктері болды», - деді Кононов краснодарлық клубтың арнасына.

Естеріңізге сала кетсек, «Қайрат» пен «Краснодар» арасындағы жолдастық кездесу 2:2 есебімен тең аяқталды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или