ҚПЛ: 1-тур матчтарының тікелей трансляциясы
Бүгін Премьер-лига командалары арасында футболдан Қазақстан чемпионаты басталады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Чемпионаттың 1-ші турының бірінші күні 3 ойын өтеді.
Алаңға бірінші болып «Қайрат» пен «Жетісу» ойыншылары шығады. Матч Алматыдағы Орталық стадионда өтеді, бірақ жанкүйерлер кіре алмайды. Ойын сағат 15:00-де басталады. Бұл матч Qazsport телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі.
16:00-де «Атырау» - «Шахтер» ойыны басталады.
Елорда уақыты бойынша 17:00-де ҚПЛ-ға биыл қосылған «Тұран» елордалық «Астанамен» кездеседі. Матч Түркістандағы су жаңа стадионда өтеді.
«Атырау» - «Шахтер», «Тұран» - «Астана» ойындарын<span> </span>pflk.tv. сайтында да тамашалауға болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или