АФК: «Қайрат» футболшысы аптаның үздік ойыншысы атағына ұсынылды

АФК: «Қайрат» футболшысы аптаның үздік ойыншысы атағына ұсынылды

«Қайрат» футбол клубы мен Қырғызстан құрамасының жартылай қорғаушысы Гүлжігіт Алықұлов өткен аптада Азияның үздік футболшысы атағына үміткерлер тізімінде болды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы Азия футбол конфедерациясының сайты мәлімдеді.

«Қырғыз футболының болашағы 2021 жылғы маусымды керемет бастады. Қазақстан суперкубогының жартылай финалында негізгі уақыт аяқталар тұста есепті теңестірді. Ғажайып голға дейін Алықұлов нәтижелі пас берген. Бұл оның Алматыдағы екінші маусымын мұқият бақылау керек дегенді білдіреді», - деп жазды АФК.

Сонымен қатар Гүлжігіт Алықұловтың жартылай финалдағы және Қазақстан суперкубогының үшінші орыны үшін матчтағы статистикалық көрсеткіштері жарияланды:

«Тобылмен» ойын (3:3): 66 минут, 1 гол, 1 нәтижелі пас, пастың дәлдігі 83%, 7 сәтті дриблинг,
«Шахтермен» кездесу (Қарағанды): 45 минут, пастың дәлдігі 91%.

Алықұловтан бөлек, Азияның апта үздігі атағына үміткерлер:

Сердар Азмун (Иран, «Зенит»)
Сэм Керр (Аустралия, «Челси»)
Кейтлин Форд (Аустралия қыздар құрамасы, «Арсенал»)
Махмуд Вади (Палестина, «Пирамидс»)
Муса Аль Таамари (Иордания, «Огайо Левен»)
Аллахьяр Сайядманеш (Иран, «Заря» Луганск)
Гарри Суттар (Аустралия, «Сток Сити»)
Карим Ансарифард (Иран, АЕК Афины)
Джунья Ито (Жапония, «Генк»).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или