Олжас Абраев: Ақтау және Петропавл стадиондары чемпионаттың ойындарын өткізе алады

Олжас Абраев:  Ақтау және Петропавл стадиондары чемпионаттың ойындарын өткізе алады

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының басшысы Олжас Абраев Ақтау қаласындағы «Жас Қанат» стадионының маусымға дайындығын тексерді.

- Кезекті футбол маусымының алдында Лига мен алаңдарды тексеру комиссиясы қыздыру жүйесімен жабдықталмаған жасанды төсеніштерді арнайы тексерістен өткізеді. Қауіпті жағдай Ақтау және Петропавл қалаларында орын алды. Аталмыш қалалардағы төсеніштер ескі, сол себепті лицензияны жалғастыру үшін түпкілікті жаңарту жұмыстарын қажет етеді.

Ұсынылған жұмыстарды өткізгеннен кейін, алаң сапасы жоғарлап, Қазақстан чемпионатының ойындарын өткізу минималды талаптарына сай келеді. Бірақ біздер инфрақұрылымды жақсарту жұмыстарын өткізуге кеңес береміз. «Жас Қанат» стадионы алдағы уақытта жаңа деңгейге шығатынына сенемін, - деп қорытындылады Абраев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или