«Қайрат» Сейдахметтің командадағы болашағы туралы мәлімдеме жасады

«Қайрат» Сейдахметтің командадағы болашағы туралы мәлімдеме жасады

Шабуылшы Еркебұлан Сейдахмет «Қайратпен» келісімшартты 2022 жылдың соңына дейін ұзартты. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Келісімшарт бойынша тараптар тағы бір жылға оның мерзімін ұзарта алады.

Ойыншы 28 нөмірде ойнайды.

«Біз Еркошқа жемісті жұмыс және «сары-қара» отбасында тиімді ойын тілейміз!», - делінген клуб хабарламасында.

Мансабында шабуылшы шетелде - ресейлік «Уфада» және болгариялық «Левскиде» доп тепті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или