Лев Германия құрамасынан кетеді
Германия ұлттық құрамасының бас бапкері Йоахим Лев осы жазда өтетін Еуропа чемпионатынан кейін қызметінен кетеді. Бұл туралы Германия футбол қауымдастығының (DFB) ресми сайты хабарлады.
Лео өзі келісім-шартты мерзімінен бұрын бұзуды сұрады. Қазіргі келісім бойынша ол 2022 жылғы әлем чемпионаты аяқталғанға дейін команда тізгінін ұстауы керек болатын. DFB маманның өтінішін қанағаттандырды.
Осылайша, алдағы Еуропа чемпионаты Левтің басшылығымен Германия құрамасы үшін соңғы турнир болмақ.
Маман Бундестимді 2006 жылдың шілдесінен бері баптап келеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или