ФИФА төрешісі Лилия Хасанованың аяғы сынып, ота жасалды. Ол көмекке мұқтаж
Футбол төрешісі және спорт журналисі Еркежан Бараева Facebook парақшасында Лилия Хасанова душар болған жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Жаңа жыл алдында Лилия сәтсіз құлап, тобығын сындырып алды.
Лилияға шұғыл ота жасалып, аяғына болттар мен металл құрылымдары орнатылды.
Тігістерді алу уақыты келгенде, ол жергілікті емханаға барады. Бірақ дәрігерлер қызмет көрсетуден бас тартқан. Оның медициналық сақтандыруы төленбеген болып шықты. Федерация төрешілер үшін сақтандыру төлемін төлемейді екен.
Лилия өзінің бір жылдық сақтандыру төлемін төлеуі керек болды. Тігістерді футбол орталығының медициналық қызметкері алып тастады.
Қазір Лили үйде қозғалыссыз және қаражатсыз жатыр. Енді оған хирургиялық араласу арқылы бір болтты алып тастау қажет. Қалыпқа келтіру проццесін есептемегенде отаның өзі 100 мың теңгені құрайды.
Мүмкіндігінше барлық әріптестерім мен достарымнан көмек сұраймын.
Kaspi Gold нөмірі: +7 777 102 0129
Лилия», - деді Еркежан Бараева.
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1445757775755961&id=100009652575068
Жігіттер, бүгін 8 наурыз екенін ұмытпайық. Өмірде қиындыққа тап болған қызға барынша көмектесейік!