«Ордабасының» жастар командасы «Алтайдан» жеңілді
Бірінші лигада бақ сынайтын «Алтай» футбол клубы «Ордабасының» жастар командасымен жолдастық матч өткізді, деп жазады Prosports.kz.
Шымкенттегі оқу-жаттығу жиынының аясында өткен ойында 3:1 есебімен семейлік команда жеңіске жетті.
Жеңіске жеткен команда сапында Нұрсұлтан Советқазы екі, Нарби Мерғазы бір гол соқты. Ал шымкенттік команданың жалғыз голын Бақдәулет Әлібек соқты.
Айта кетейік, оқу-жаттығу жиынының соңына дейін «Алтай» тағы 2 матч өткізеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или