UFC 259: Ресейлік Ислам Махачев қарсыласын қылқындыру әдісімен жеңді

UFC 259: Ресейлік Ислам Махачев қарсыласын қылқындыру әдісімен жеңді

Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) аралас жекпе-жектен UFC 259 турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Басты кардтағы екінші жекпе-жекте ресейлік Ислам Махачев америкалық Дрю Добермен жұдырықтасты.

Жеңіл салмақтағы төбелес үшінші раундта аяқталды. Ислам қарсыласын қылқындырып, Добер қарсы айла таба алмай, жеңілісін мойындауға мәжбүр болды.

Бұл Ислам Махачев үшін өзінің кәсіби мансабындағы 19-шы жеңіс болды (UFC-дегі рекорд 8-1).

Дрю Добердің рекорды қазір 23 жеңіс пен 9 жеңіліс(соның ішінде UFC-де 9 жеңіс және 6 жеңіліс).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или