«Бұл жеңісті жанкүйерлерге арнаймыз». Азат Нұрғалиев - Қазақстан Суперкубогының финалы туралы

«Бұл жеңісті жанкүйерлерге арнаймыз». Азат Нұрғалиев - Қазақстан Суперкубогының финалы туралы

«Тобыл» капитаны Азат Нұрғалиев Қазақстан Суперкубогының финалындағы «Астанаға» қарсы матч туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алдымен, бұл жеңісті барша Қостанай облысының тұрғындарына, жанкүйерлерге арнаймыз. Біздің әр қуанышымыз сіздердің қолдауларыңыздың арқасында. Рас, ойын оңайға соққан жоқ. Алаңның әр шебінде талас-тартыс жүрді. Ойын соңындағы пенальти лотореясында біздің жолымыз болды.

Намысты қолдан бермеген жігіттерге ризамын. Біз осы турнирдегі басты мақсатымызға жеттік. Тағы да жанкүйерлерімізді осынау жарқын жеңіспен құттықтаймыз!», - деді Нұрғалиев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или