Түркиядағы Гран-при турнирінің жеңімпаздары анықталды
Түркияның Алания қаласында велоспорттан әйелдер арасындағы Гран -при турнирі өтуде. Бүгін спортшылар 88,8 шақырымға жарысты деп хабарлайды Olympic.kz.
Турнирде қазақстандықтар арасынан ең жоғары нәтижені Жанерке Санақбаева тіркеді. Ол мәре сызығын жетінші болып кескен.
Махаббат Үмітжанова 24-ші, Наталья Сайфутдинова 40-шы, Рината Султанова 41-ші, Светлана Пащенко 43-ші, Кристина Бекенова 56-шы, Фаина Потапова 62-ші орында.
Бұл сында алтын мен күмісті Беларусь спортшылары, қоланы ресейлік велоспортшы иеленген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или