Бізге келмес пе екен? ҚПЛ деңгейіндегі Еуропа ойыншылары

Бізге келмес пе екен? ҚПЛ деңгейіндегі Еуропа ойыншылары

Отандық футболда маусымаралық үзіліс. Кейбір клубтар келер маусымға дайындықты бастап кетсе, енді бірі әлі де құрамдарын жасақтау үстінде. Еліміздің бас командалары әзірше бос агенттерді қатарына қосып, артық шығын шығармауды жөн санайды. Осыған орай «PROСПОРТ» тілшісі Қазақстан Премьер-Лигасына ауысуы мүмкін футболшыларды тізбектеп көрмек.

5. Геворг Газарян

Жасы: 26

Ұлты: Армения

Соңғы клубы: «Олимпиакос»

Алаңдағы орны: жартылай қорғаушы

Құны:  950 мың €

Рейтингімізді қарағандылық «Шахтердің» бұрынғы ойыншысы, Армения құрамасының футболшысы Геворг Газарян ашады. Армян ойыншысы отандық жанкүйер қауымға жақсы таныс. «Кеншілер» сапында Еуропа Лигасының топтық кезеңіне шығып, командасы алға сүйреген футболшылардың бірі еді. Дегенмен маусым аяқталысымен жалға алынған Газарян қарағандылық командадан кетті. Сол маусымаралық үзілісте көптеген клубтар қызығушылық танытқан еді. Алматылық  «Қайраттың» оқу-жаттығу жиынына да қатысып үлгерген еді. Алайда қос тарап мәмілеге келе алмай, армян ойыншысы грекиялық  «Олимпиакос» сапына қосылды. Ол жерде де ұзақ тұрақтап қала алмады, бір-екі күн бұрын ғана қазіргі командасымен келісімшартын бұзып, еркін агент атанды.

4. Иван Бобко

Жасы: 24

Ұлты: Украин

Соңғы клубы: «Черноморец»

Алаңдағы орны: жартылай қорғаушы

Қызығушылық танытуда: «Анжи», «Ворскла», «Металлист»

Құны:  900 мың €

Украина футболының болашағы саналатын Иван Бобко қазіргі таңда спорттық мансабындағы қиын кездерді басынан өткеруде. «Черноморец» клубы қаржылық дағдарысқа ұшырап, белді ойыншыларынан айырылған болатын жуырда. Соның арасында Иван Бобко да бар. Дегенмен жас футболшы жерде қалған жоқ, келісімшартын бұзған соң ресейлік «Анжиға» шақырту алды. Түркияға аттанған украиналық екі бірдей команданың байқауынан өтті: бірі «Ворскла», енді бірі «Металлист». Алайда қос командамен ортақ шешімге келе алмады. Отандық клубтардың бұл футболшыны қатарына қосуға қауқары жетеді. Болашағынан үміт күттіретін ойыншыны Қазақстандық клубтар тек ақшамен ғана арбай алады.

3. Исаак Промисе

Жасы: 27

Ұлты: Нигериялық

Соңғы клубы: «Әл-Ахли»

Алаңдағы орны: қапталдағы жартылай қорғаушы

Құны: 1 млн 600 мың €

Нигерия футболының болашақ жарық жұлдызына баланған Исаак кезінде Оби Микельмен бірге англиялық «Манчестер Юнайтедте» байқауда болған. Голландиялық «Фейеноорд» оны өз құрамына қосқысы келген. Алайда футболшысы Түркия Суперлигасында өнер көрсететін «Геншербирлиги» клубымен келісімшарт жасасты. Бұдан кейін Түркиядан асып шыға алмады. Тек 2014 жылы Сауд Арабиясының «Әл-Ахли» командасына ауысқан болатын. Бір маусым ойнап, қазір еркін агент атанды.

2. Майк Хавенаар

Жасы: 27

Ұлты: Жапон

Соңғы клубы: «Кордоба»

Алаңдағы орны: Шабуылшы

Құны:  2 млн 800 мың €

Жапониялық бұл футболшы Еуропадағы жорығын «Витесс» ссапында бастады. Голландия біріншілігінде екі маусым тәп-тәуір өнер көрсетеді. 79 ойында 26 рет көзге түскен шабуылшы испаниялық «Кордобаның» қызығушылығын тудырды. 2014 жылы Ла Лигаға ауысты, алайда, үмітті ақтамады. Тіпті негізгі құрамға іліне алмай, 5-ақ мачт өткізген. Ойын тәжірибесі аздығына байланысты Майк испандық клубпен арадағы келісімшартты бұзуды жөн көреді. Дегенмен Қазақстан біріншілігіне ауысуы екіталай болғанымен, Премьер-Лига клубтары мол қаржысымен шақыртуына болады.

1. Клейтон Шавьер

Жасы: 31

Ұлты: Бразилиялық

Соңғы клубы: «Металлист»

Алаңдағы орны: жартылай қорғаушы

Құны: 4 млн 400 мың €

Рейтингіміздің көш басында бразилиялық жартылай қорғаушы Клейтон Шавьер. Футболшыларды бағасына қарамай алатын отандық клуб басшыларының құлағына «алтын сырға». Бразиялық футболшының біздің чемпионатқа ауысуы мүмкін еместей көрінеді. Дегенмен «Астана», «Ақтөбе» мен «Қайрат» секілді мықты клубтар Клейтонды оп оңай ала алады. Аталмыш командалар еурододалардың топтық кезеңіне өтуді мақсат етіп отыр. Ендеше Еуропада бағын сынап пісіп-жетілген Шавьер секілді ойыншыны алсын.

Украинада 4 жыл өнер көрсетті. Барлығы 83 рет алаңға шығып, 31 рет қарсылас қақпасына гол соққан. «Металлист» клубының алдыңғы қатарлы ойыншысына айналып та үлгерген еді. Бірақ саяси жағдайдың кесірінен келісімшартын бұзды. Қазір бұл ойыншыға Еуропаның, Бразилия мен Қытайдың бірнеше командалары таласуда. Әзірге бразилиялық ойыншы асығар емес клуб таңдауға.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или