«Каспий» жеті ойыншымен келісімшарт жасасты
«Каспий» футбол клубы жеті ойыншымен келісімшартқа қол қойды, деп жазады Prosports.kz.
Бұл туралы ақтаулық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
36 жастағы жартылай қорғаушы Руслан Сахалбаев (17 матч, 2 гол және 1 пас) және 25 жастағы қорғаушы Руслан Жанысбаев (13 матч) бұған дейін «Каспий» сапында ойнаған.
Сонымен қатар, ақтаулық клуб тунистік жартылай қорғаушы Вайди Сахлимен келісімшартқа отырды.
Бұлардан бөлек жартылай қорғаушы Максим Гладченко, сербиялық жартылай қорғаушы Никола Цуцкич, қорғаушы Әнуар Бекмырза және 22 жастағы қазақстандық қорғаушы Нияз Шугаев «Каспий» сапына қосылды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или