Неймар жаттығуға оралды

Неймар жаттығуға оралды

«Пари Сен-Жермен» шабуылшысы Неймар Чемпиондар лигасының 1/8 финалы аясындағы «Барселонамен» екінші ойынға қатысуы мүмкін, деп жазады Prosports.kz.

4 наурыз, бейсенбіде Неймар командамен бірге жаттығу өткізді. Клуб бразилиялық ойыншы «Барселонамен» қарымта матчқа қатыса алады деп үміттеніп отыр.

Айта кетейік, Неймар 11 ақпанда Франция Кубогының 1/32 аясында өткен «Канға» қарсы ойында (1:0) жарақат алған болатын. 

Неймар осы маусымда Франция чемпионаты аясында 11 ойынға қатысып, 6 гол соқты және 3 нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или