«Қайсар» сапына черногориялық футболшы қосылды
Черногориялық жартылай қорғаушы Йован Чадженович қызылордалық «Қайсар» сапына ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
<span>«26 жастағы черногориялық жартылай қорғаушы Йован Чадженович жаңа маусымда «Қайсардың» намысын қорғайды. Йован өткен жылы Қазақстан премьер лигасында «Тараз» сапында ойнап, жанкүйерлердің оң бағасын алған еді. Сондай-ақ черногориялық футболшы клубтық мансабында сербиялық «Телеоптик», «Партизан», «Бежания», «Земун», «Борац», литвалық «Судува» секілді командаларда доп тепкен. Қасқырлар жаңа ойыншымен жыл соңына дейін келісімге келді», - делінген хабарламада. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или