«Бүгін озық шықтық». Мокин «Қайратқа» қарсы матч туралы

«Бүгін озық шықтық». Мокин «Қайратқа» қарсы матч туралы

Қазақстан Суперкубогының жартылай финалында «Қайратқа» қарсы ойыннан кейін «Тобыл» қақпашысы Александр Мокин шағын сұхбат берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

<span>«Алдымен, Қостанай облысының жанкүйерлерін осындай маңызды жеңіспен құттықтағым келеді. Ойын өте мазмұнды және қызықты өтті.</span>

<span>Алғашқы минуттардан бастап біз ауыр матчқа дайындалдық. «Қайрат» – жоғары дәрежедегі орындаушылары бар жақсы команда, бірақ бүгін озық шықтық. Осындай оңайға соқпайтын матчта жеңіске жетудің өзі мәртебе.</span>

<span>Жігіттер өздерінің шынайы қуанышын көрсетті. Олар үшін қуаныштымын. Өкінішке қарай, елдегі қалыптасқан жағдайға байланысты біздің жанкүйерлер бүгін «Тобылдың» матчына келе алмады, бірақ біз олардың қолдауын сездік.</span>

<span>Баршаңызды биылғы алғашқы жеңісімізбен құттықтаймын!», - деді Мокин клуб баспасөз қызметіне. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или