Ференц Пушкаш. Соңғы 6 жылдағы үздік голдар

Ференц Пушкаш. Соңғы 6 жылдағы үздік голдар

Футбол әлемінде ең әдемі гол үшін Ференц Пушкаш атындағы сыйлықты беру дәстүрі қалыптасқан. Осыған орай «PROСПОРТ» тілшісі соңы жылдардың ең үздік голдарын назарларыңызға ұсынады.

Венгрия құрамасының капитаны Ференц Пушкаштың құрметіне аталған бұл сыйлық 2009 жылдан бері жыл сайын берілуде. Ең алаш бұл марапатқа ие болу бақыты ала доп тарихындағы үздік футболшылардың бірі португалдық Криштиану Роналдуға бұйырыпты. 2008/2009 жылғы маусымда Чемпиондар Лигасының ширек финалында «Порту»(2:2; 0:1) қақпасына 30 метр қашықтықтан тамаша гол соғып, сол кездегі командасы «Манчестер Юнайтедті» жартылай финалға шығарған болатын. 17,68 % дауыс жинап бұл гол сол маусымның үздігі танылды.

Келесі жылы Қазақстандық футбол сүйер қауым үшін тосынсый болғандай. Берн Шторк шәкірттері ЕУРО-2012 іріктеу кезеңінде өз алаңында Түркия құрамасына жол беріп қойған болатын. Сол ойында Андрей Сидельников қорғаған қақпаға Хамит Алтынтоп әдемі гол соққан. Дауыс берушілердің басым көпшілігі, нақтырақ айтқанда 40,55 % Алтынтоптың голын үздік деп тауыпты.

2011 жылы қазіргі таңдағы «Барселонаның» жарық жұлдызы, сол кездің өзінде-ақ Бразилияның дарынды футболшысы атанған Неймардың голы үздік шықты. Бразилия чемпионатының кезекті турында «Сантос» пен «Фламенго» арасындағы матчта қарсылас қорғаушыларының аузын айға қаратып кетіп, тамаша гол соқты. Алайда бұл гол оның командасын жеңілістен құтқарып қала алмады - 4:5.

Cловакия құрамасының ойыншысы Мирослав Стохтың Түркия чемпионаты аясында «Генчербирлиги» қақпасына соққан голы 78 % дауыс жинап, 2012 жылдың үздігі атанды.

Қай командаға барса да үздік ойынын көрсетуден жалықпайтын, соңғы жылдардағы әлемнің үздік шабуылшыларының бірі Златан Ибрагимовичтің Англия құрамасына соққан супер голы әлі күнге дейін талай елдің аузында жүр. Тіпті бұл голды футбол тарихындағы ең үздігі деп санайтындар да жетерлік. 2013 жылы Швеция құрамасы тұманды албион елімен жолдастық кездесу өткізеді. Ойынның қосымша уақытында Златанның қайшылап тепкен добы дауыс берушілердің тең жартысын жинады.

Ал соңғы рет Ференц Пушкаш сыйлығы Бразилияда өткен әлем біріншілігінде жасындай жарқырап, дүбірлі доданың үздік бомбардирі әрі футболшысы атанған Хамес Родригеске бұйырды. Уругвай құрамасының қақпасына гол соғып, Колумбияны келесі кезеңге шығарды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или