Футболдан Испания чемпионаты уақытша тоқтап қалуы мүмкін

Футболдан Испания чемпионаты уақытша тоқтап қалуы мүмкін

Испания корольдік футбол федерациясы (RFEF) елдің ішкі чемпионатын (ла-лига) уақытша тоқтата тұруға шешім қабылдауы мүмкін. Бұл туралы испан басылымдары хабарлауда.

Соңғы уақытта Испанияда билік клубтардың қаржылық ісіне жиі араласуда. Бұл жағдай корольдік қауымдастықтың наразылығын тудыра бастады. Сонымен қатар, RFEF мемлекеттің балалар мен жасөспірімдер футболына қаржының қысқартуын сынға алуда. Испания спорты жоғарғы кеңесінің президенті Карденал Мигель де ел билігі шектен шыққанын алға тартты. Осыған орай футбол федерациясы алдағы уақытта билікке өз наразылығын білдіріп, бірнеше тур ойындарын тоқтата тұруы мүмкін.

Массагет.кз сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или