Астанада қысқы ралли-спринт спортынан Қазақстан Кубогының екінші кезеңі өтті

Астанада қысқы ралли-спринт спортынан Қазақстан Кубогының екінші кезеңі өтті

Астанада «Самұрық 2015» қысқы ралли-спринт спорты бойынша Қазақстан Кубогының екінші кезеңі өтті, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

Ралли Сығанақ көшесінің бойында «Жағалау» ТК мен «Хан Шатыр» СО жанындағы су қоймада өтті.

Қазақстан Автомотоспорт Федерациясының спорт комиссары Олег Дмитриевтің айтуынша, бұл шара 2006 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Төрт кезеңнен тұратын бәсеке аяқталысымен бәйге жеңімпазы «Самұрық» тағайындаған ралли-спринттің абсолютті чемпионы кубогымен марапатталады. Бұл кубок жыл сайын жеңімпаз ауысқанда қолдан өолға өтіп отырады.

Жарыстың алғашқы кезеңі 2015 жылыдң 16-18 қаңтарында Теміртауда өтті. Шараға еліміздің түкпір-түкпірінен үздік спортшылар жиналды. Сайыстың 3 және 4-кезеңдері де Астанада өтеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарысқа кез келген республика азаматы өзінің жеке көлігімен қатыса алады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или