Газарян – еркін агент

«Шахтердің» бұрынғы ойыншысы Геворг Газарян қазіргі клубы «Олимпиакоспен» келісім-шартын бұзды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Олимпиакос» пен Газарян екі жақты келісіммен, арадағы келісім-шартты бұзды. Енді Армения құрамасының футболшысы еркін агент атанды. Armfootball.com сайтының мәлімдеуінше, бұрынғы «кеншінің» келесі клубы грекиялық «Каркира» болуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетсек, Газарян «Шахтер» сапында 2013 жылы өнер көрсеткен болатын. Қарағандылық клубқа ол бір маусымға жалға берілген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или