«Атырау» «Горизонт Турнованы» қапы қалдырды

«Атырау» ФК оқу-жаттығу жиыны аясында македониялық «Горизонт Турнова» клубынан басым түсті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Мұнайшылардың» баспасөз қызметіне сүйенсек, есепті ашқан - «Атыраудың» жаңа ойыншысы Владимир Аржанов. Араға аз уақыт салып украиналық жартылай қорғаушы есеп айырмасын екі голға дейін ұзартып, дубль авторы атанды.

Екінші таймда македониялықтар тоблодағы көрсеткішті 2:1-ге өзгертті. Кездесудің аяғында «Атырау» үшінші голын соғуға мүмкіндік алған, алайда байқауда жүрген футболшы пенальтиден мүлт кетті.

«Атырау» - «Горизонт Турново» (Македония) 2:1 (2:0)

Голдар: Аржанов (дубль)

«Атырау»: Нарзикулов (Бәйтереков, 46), Чуреев, Айтбаев, Чичулин, Калмуратов (Одибе, 46), №1 байқауда жүрген ойыншы (Сапаров, 63), №2 байқауда жүрген ойыншы (Қасымов, 67), Аржанов, Заречный (Эссаме, 46), Маров (№3 байқауда жүрген ойыншы), Нұрыбеков (Мажитов, 72)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или