«Шахтер» қазақстандық екі футболшымен келісімшарт жасасты
«Шахтер» қазақстандық екі футболшыны қатарына қосты, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.
Карам Сұлтанов — шымкенттік футболдың түлегі. 24 жастағы қорғаушы бұған дейін әзербайжандық «Сумгаит» командасында ойнаған. Сондай-ақ, «Ордабасы», «Бәйтерек» пен «Қызыл-Жар» сапында өнер көрсеткен.
Ескендір Қыбырай — алматылық «Қайраттың» түлегі. «Қайрат Ж», «Қайрат-Жастар» мен талдықорғандық «Жетысуде» ойнаған. Былтырғы маусымда талдықорғандық клуб сапында ҚПЛ-да дебютін өткізіп, 8 матчта екі нәтижелі пас берген.
Екі футболшы да Қазақстанның жасөспірімдер және жастар құрамаларында ойнаған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или